Мобильді аударымдарды тексеру басталды

Мобильді аударымдарды тексеру басталды

Мобильдік аударымдарды тексеру басталды. Бұған дейін салық комитетіндегілер ескерту жасап келсе, енді ревизияға шындап кірісті. Қазір қаңтар, ақпан және наурыз айының аударымдары бойынша банк есеп өткізіп жатыр. Бұл процесс 15 сәуірге дейін жалғасады. Егер осы 3 айдың ішінде аударымдарыңыз 100-ден асып кеткен болса, табыс салығын төлеуге міндеттісіз.