Германияда зейнет жасы өзгереді
Германияда зейнет жасы өзгереді. Канцлер Фридрих Мерц жыл соңына дейін жүйе
реформаланатынын мәлімдеді. Бұған өмір сүру ұзақтығының артуы себеп деп отыр.
Үкімет зейнетке мерзімінен бұрын шығу мүмкіндіктерін де шектеуі мүмкін. Қазір
германиялықтар 66-67 жаста зейнетке шығады. Алайда жоспарланған реформа жүзеге
асса, зейнет жасы 2051 жылға қарай 68 жасқа дейін ұлғайтылмақ. Ал ғасыр соңында
бұл көрсеткіш 70 жасқа жетуі мүмкін. Сонымен қатар, үкімет капитал нарығы қорын
құруды көздеп отыр. Оған жыл сайын кемінде 30 миллиард еуро зейнетақы жарналары
аударылады. Осы жайттан кейін қазақстандықтар арасында зейнетақы жүйесіне
өзгерістер енгізілмей ме деген сауал жиі қойыла бастады. Алайда экономист
Бауыржан Ысқақ біздегі жағдай тұрақты екенін айтады.

