Алматыда Халықаралық цифрлық форум өтуде

Алматыда Халықаралық цифрлық форум өтуде

Алматыда Халықаралық Digital форум өтіп жатыр. Алаңға жиылған 200-ден астам сарапшы, IT және бизнес саласындағы жетекші стартапшылар цифрлық майнинг, мемлекеттік басқару, криптобиржа, білім беру және киберқауіпсіздік мәселелерін талқылауда. Шараның алғашқы күні отандық «Сергек» енді Индонезияның жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалайтыны белгілі болды. Пилоттық жоба Баликпапан қаласында іске қосылды. Экспортталатын зияткерлік көлік жүйесі талдау, мониторинг және көлік техникасын болжау, сондай-ақ экологиялық проблемаларды шешуге арналған.

 

Алена Ткаченко, «Sergek Group» компаниясының жаһандық нарықтар жөніндегі директоры:

 

-Индонезиядағы біздің бұл бағдарламамыз - оңтүстік-шығыс Азияда жүзеге асырылып жатқан екінші пилоттық жоба. Біріншісі Филиппиннің Бакио қаласында орнатылды. Қазір біз Филиппин өзге қалаларымен келісім жасасу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Индонезиядан бөлек  Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерін де қарастырамыз. Біз жекелеген Таяу Шығыс елдерімен, сондай-ақ Шығыс Африканы қарастырамыз.

 

Сонымен қатар ірі Қазақстандық кен өндірушілердің, технопарктердің, технологиялық компаниялардың көрмесін өткізу жоспарлануда. Олар шара барысында өз тәжірибесімен бөлісіп және IT-экожүйесі саласындағы жобалардың барысы туралы ақпаратпен бөліседі. Бұл отандық компанияларға өз әлеуетін паш ететін керемет мүмкіндік. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жылдың іскерлік бағдарламасы өндірісті цифрлық қайта қарастыруға, базалық үдерістерді трансформациялауға, экологияға, сондай-ақ өндіріске жаңа технологияларды енгізуге шоғырланады.