Археологтар Қазақстандағы ежелгі құдықтардың сырын тапты

Қазақстандық ғалымдар көшпенділердің ежелгі құдықтарының сырын ашты. Археологтардың айтуынша, сол кездің өзінде терең әрі гидротехникалық құрылымы ерекше жер асты нысандары болған. Ұңғыманы қазған кезде түрлі әдістер қолданылған. Әдетте, қандай тереңдік қажет, қанша су мөлшері қажет, соған байланысты барлығы есептеліп отырған. Сонымен қатар құдықтың қандай мақсатта және қандай мерзімге қазылатыны да алдын ала анықталатын. Бұл дегеніміз тіршілік нәрін тұрақты түрде немесе уақытша да алуға мүмкіндік болған. Қазақ даласындағы құдық жүйелері шетелдік саяхатшылар мен зерттеушілерді таң қалдырып келген. Енді көшпенділердің жер астынан су алу әдістерін кез-келген ниет білдірген адам «Этноэкспедиция» фото көрмесінен тамашалай алады. Қазір ол Алматы қаласында өтіп жатыр.

 

Тәттігүл Қартаева, Дала қазба жұмыстарының ғылыми жетекшісі:

 

- Осы Нарын құмдарында кездесетін ерекше құдықтардың бірі – бұл жыңғыл құдықтар. Жыңғыл құдықтардың сексеуіл, көпбұта және жүзгін құдықтарға ерекшелігі өте көп. Мысалы сексеуіл құдықтарды жүз күн, көкбұталарды шауып құдық үшін қопарып алғаннан кейін бір жылдан кейін салатын болса, ал жыңғыл құдықтарды оның бұтағын шауып алғанан кейін 5 күннің ішінде құдық қабырғасына өріп тастайды. Яғни, ол жұмсақ емес, жыңғылдың шыбықтары сынғыш келеді, қатты келеді. Нарынқұмдарында кездесетін тағы бір ерекше құдық ол – талқұдықтар, шілік құдықтар. Яғни, тал және шілік шыбықтарымен құдықтың қабырғасына өріп, құдық деңгейін көтеру бұлда бір халықтың дәстүрлі гидротехникалық білімнің ерекше бір көрінісі деп айтсақ болады.