Инвестиция тарту үшін арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар жаңартылады

Инвестиция тарту үшін арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар жаңартылады

Дамыған елдердің көпшілігінде Арнайы Экономикалық Аймақтар инвестиция тартудың ең тиімді тетігі болып саналады. Қазақстан Үкіметінде әкімшілік басқарудың үлгісін қалыптастырып қана қоймай, маңызды инфрақұрылымды қалыптастыру керектігі де айтылды. Мәселен, арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарды модернизациялау жоспарлануда. Сонымен қатар, жаңадан құрылған Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында да бой көтереді. Одан бөлек, Астана агломерациясын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, Аршалы ауданында да жаңа Арнайы Экономикалық Аймақ құрылады.

 

Нұрлан Байбазаров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Биыл біз Арнайы Экономикалық және Индустриалдық аймақтардың жұмысына жаңа серпін бермекпіз. Индустриалдық аймақтар барлық өңірде бар. Ал, арнайы экономикалық аймақтарға келер болсақ, олардың саны 13 және барлығы инфрақұрылымды жаңартуды талап етеді. Сондықтан, биыл алдымызға осындай мақсат қойып отырмыз. Барлығын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл инвесторларды тарту жұмысын әлдеқайда жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз инвестор инфрақұрылымы бар дайын жерге келеді. Сондықтан, олар өз жобаларын неғұрлым ерте жүзеге асыра алады.