Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында осындай тапсырма берді.

Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті. Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі Үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін тілге тиек етті.

Жиын қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.