Қазақстан маусым айына дейін мұнай өндірісін ерікті қысқартуды жалғастырады

Қазақстан маусым айына дейін мұнай өндірісін ерікті қысқартуды жалғастырады

Қазақстан ОПЕК+ ұйымына қатысушы кейбір елдермен бірлесе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанына өндірісті күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды ұзартады. 

Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылатын болады.

Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарықтарының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге арналған.