Соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді

Соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді

Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді. Бұл мерекеге байланысты төленетін бір жолғы материалдық көмек. Осындай қаржылай қолдауды елімізде 30 мыңдай адам алғалы отыр. Олардың қатарында тыл еңбеккерлері мен қаза тапқан жауынгерлердің отбасы да бар. Ал олардың ай сайынғы алатын қаржылай көмегі шамамен 300 мың теңгеден басталады. Айта кетейік, елде ардагерлерді қолдау жүйесі де бар. Атап айтқанда, тегін курорттық емдеу, госпитальдардағы медициналық көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету және өзге де қолдау шаралары қарастырылған.