Криптобиржадан 1,5 млрд доллар ұрланды
Хакерлер ByBit криптобиржасынан 1 жарым миллиард доллар жымқырды. Олар онлайн әмиянды бұзып, қаржыны өздеріне аударып алған. Бұл тарихтағы ең ірі цифрлық ұрлық. Қазір ByBit әлемнің үздік IT мамандарын жинап, ақшаны қайтаруға барын салып жатыр. Тіпті, жолын тапқанға 140 млн доллар сыйақы уәде еткен. Ал, салымшылардың активі қауіпсіз жерде дейді. Биржа директоры Бен Чжоу зардап шеккендерге өтемақы төлейтінін айтты. Бүгінде ByBit биткойннан кейінгі ең ірі биржаның бірі. Оны 60 миллион адам пайдаланады.

