Ерлан Қарин жаңа академиялық басылымның редакциялық алқа жетекшілерімен және мүшелерімен кездесті

Ерлан Қарин жаңа академиялық басылымның редакциялық алқа жетекшілерімен және мүшелерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жаңа академиялық басылымның редакциялық алқа жетекшілерімен және мүшелерімен кездесті. Жиында Ғылым және жоғары білім министрлігінің және бірқатар институттың басшылары ғылыми басылымның дайындалу барысы туралы баяндады. Ерлан Қарин көптомдықтың мазмұнын республикалық және өлкетану музейлерінен алынған сапалы ғылыми көрнекі материалдармен, тарихи карталармен, архив құжаттарының фотокөшірмелерімен және басқа да құжаттармен толықтыру қажет екендігіне тоқталды. Мемлекеттік кеңесші барлық мектеп және университет бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу құралдарына арқау болатын Қазақстан тарихы академиялық басылымының маңызын ерекше атап өтті.