Бурабайда заманауи эко-парк салынып жатыр

Бурабайда заманауи эко-парк салынып жатыр

Бурабайға жыл сайын бір жарым милионнан астам турист келеді. Енді саяхатшыларды жаңадан түлеп, түрленген теміржол вокзалы қарсы алмақ. Сапаржай маусымның 15-сі пайдалануға беріледі. Жалпы аймақта 16 теміржол бекеті модернизациядан өтіп жатыр. Оның 9-ы жақын арада ел игілігіне ұсынылады. 

«Бурабай курорты» сапаржайы күніне 2 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Жарты ғасырға жуық тарихы бар нысан соңғы рет 15 жыл бұрын жөнделген. Қазір ғимаратта инженерлік желілер  жаңартылып, вокзал аумағы абаттандырылды. Жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған.

Өтелбай Бейсенов, Щучинск қаласының тұрғыны:

- Бұрынғымен салыстыруға болмайды. Мынау заманауи, электронный таблосы бар. Бұрын поездардың кестесі қағаздарда, тақтада жазулы болатын. Енді қазір таблода шығатын болды. Туристік аймақ қой, біздің Бурабай өлкесі.  Мында келетін кісілер, мыңдап, миллиондап келеді жылына, қысы-жазы. Сол келген кісілерлен енді ұялмайтын болып, кеудемізді керіп, мақтанышпен айтамыз.

Аудан орталығында  эко-парк салынып жатыр.  15 мың шаршы метр аумақта  «Ана мен бала» мемориалы, амфитеатр, балалар және спорт алаңдары, инклюзивті аймақтар болады. 700-ге жуық сәнді ағаш пен 50 түп көшет егіледі. Нысан 1 маусымда ашылады.