Стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың жеті негізі
Қазақстан мен Ресей Президенттері баспасөз алдына шығып бірлескен мәлімдеме
жасады. Оның бірі қос ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық
қатынастардың жеті негізі туралы келісім. Құжат өте мазмұнды. Бұны мемлекет
басшысы өзі қарап, түзетулер енгізген. Брифинг барысында Қасым-Жомарт Тоқаев
аталған мәлімдеме екі ел жылнамасына маңызды оқиға ретінде енетініне сенім
білдірді. Айтпақшы, Астанада «Қазақстан-Сириус» білім беру орталығы ашылады.
Қазақстен мен Ресей Президенттеріне бас қалада салынатын орталықтың жобасы
көрсетілді. Білім бағдарламасында жасанды интеллект, инженерия, ғарыш және өмір
туралы ғылымдар үйлестірілмек. Қазірде жоба капсуласы салынып жатыр. Яғни,
нысан аумағында балабақша, халықаралық мектеп, сондай-ақ жастарға арналған ғылыми-технологиялар
паркі орналаспақ.

