Қазақстан мен Қытай медиа байланысы арта түспек
Қазақстан мен Қытай
арасындағы медиа байланыс арта түспек. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытай
Медиакорпорациясының басшысы Шэнь Хайсюнмен кездесіп, осы рухтағы диалогты одан
әрі жалғастыруға уағдаластық жасаған. Мемлекеттік кеңесші Қасым-Жомарт
Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асып жатқан мәдени-гуманитарлық
реформалардың мән-мазмұны, сондай-ақ цифрландыруды кеңінен дамыту және жасанды
интеллектіні жаппай енгізу бағытындағы жұмыстар туралы айтты. Қазақстан-Қытай
бірлестігімен былтыр Silk Way Star халықаралық байқауы жоғары деңгейде өткен
болатын. Мега жоба биыл Қытайда жалғасады. Жобаның бірінші маусымының
трансляциясы тек Қытайдың өзінде 1 млрд астам қаралым жинаған. Жобаның екінші
маусымының түсірілімі 2026 жылдың шілде айында Иу қаласында өтеді деп күтіліп
отыр. Қазақстан атынан қытайлық көрерменге жақсы таныс әнші Рухия Байдүкенова
қатысады. Кездесуге Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шахрат
Нұрышев, Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің директоры Раушан
Қажыбаева және «Jibek Joly» телеарнасының директоры Еркежан Күнтуған қатысты.

