107 жекеменшік мектеп ашылады
Елімізде биыл 107 жекеменшік мектеп ашылады. Оқу-ағарту министрлігі кәсіпкерлерге осыншама лицензия берген. Білім саласындағы бизнес өкілдеріне мемлекет 2018 жылдан бері қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, әр оқушыға орташа есеппен 500 мың теңге бөліп, мектепке қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Одан бөлек әлеуметтік кәсіпкер «Жастар практикасы», «Күміс жас» бағдарламалары арқылы қызметкерлердің еңбекақысын төлейді. Бұл жеңілдіктер елдегі мектеп тапшылығын азайту үшін жасалып отыр.

