Жасанды интеллект заңы қабылданады

Жасанды интеллект заңы қабылданады

Алдағы бес жылдың ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бүгін Президент жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңесте осындай мақсат қойды. Үкіметке Стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесіп, жасанды интеллектіні дамыту және еліміздің цифрлық трансформациясы туралы жүйелі бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Құжатта жасанды интеллектіні дамыту және қолдануға қатысты барлық кешенді шаралар қамтылады.