Қазақстан - Сьерра Леоне қарым-қатынасы талқыланды
Қазақстан Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілі әрі Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Каббамен кездесуде айтты. Әңгіме барысында екі елдің ынтымақтастығы талқыланды. Сондай-ақ, екіжақты қатынастарды дамыту, түрлі саладағы байланысты тереңдету мәселелері қарастырылды. Тимоти Муса Кабба арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Мааданың сәлемін жеткізді.

