Тәуелсіздік – ең маңызды, ең қастерлі құндылығымыз

Тәуелсіздік – ең маңызды, ең қастерлі құндылығымыз

Әрбір Қазақстан азаматы үшін маңызы ерекше мерекені Шымкент жұртшылығы да атап өтті. Мұнда да Көк Туға ерекше құрмет көрсетіліп, Әнұран шырқалды. Мерекелік шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен депутаттар, түрлі этнос өкілдері мен зиялы қауым, халықаралық ареналарда Қазақ туын желбіретіп жүрген спортшылар мен өнерлі жастар арнайы қатысты. Ұйымдастырушылар, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету - елдің біртұтастығы мен жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолының қалыптасқанын көрсетеді дейді.