Қ.Тоқаевқа ҚТЖ компаниясының алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп берілді

Қ.Тоқаевқа ҚТЖ компаниясының алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп берілді

2023 жылы теміржол көлігімен транзиттік тасымалдау көлемі 27 млн тоннадан асты. Нәтижесінде Қазақстан темір жолының кірісі 1триллион 900 миллиард теңгені құрады. Компанияның өткен жылғы қызметінің негізгі нәтижелері және алдағы жоспарлары туралы Қасым-Жомарта Тоқаевқа басқарма төрағасы хабарлады. Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысына «Достық – Мойынты», Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісін салу және басқа да ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы баяндады. Сонымен қатар Президентке Сиань қаласындағы құрғақ портта жүк терминалының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді. Ол елімізге қарай жүктердің тұрақты тасымалдануын қамтамасыз етеді және отандық экспорттаушылар үшін жаңа өткізу нарықтарына жол ашады. Бұдан бөлек әлемдік Huawei, Wabtec және PSA секілді жетекші компаниялармен бірге «Ақылды теміржол» жобасын жүзеге асыру жұмыстары туралы айтылды. Жаңа шешімдердің енгізілуі теміржолдың өткізу қабілетін ұлғайтуға, отын шығынын азайтуға және пойыздардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Өндіріс көрсеткіштері оң динамика көрсетіп отыр. Жүк айналымы 270 млрд тонна км құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа теміржолдар кестеге сай жүзеге асырылуда. Президент Қазақстанның Көліктік-транзиттік потенциалын дамытуға ерекше назар аударды.