Биыл елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді

Биыл елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді

Биыл елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді. Оның 9 мың километріне қаражат бөлінген.  Қалғанын қаржыландыру мәселесі әлі шешілмеген. Сонымен, атап айтқанда, өткен жылы құрылысы басталған Қалбатау – Майқапшағай, Күрті – Қонаев, Қызылорда – Жезқазған және Ұзынағаш – Отар жолдарын салу биыл да жалғасады. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Абай облыстарында ауқымды жұмыстар жоспарланған. Жөндеу көрмегеніне жарты ғасырға жуықтаған Петропавл – Жезқазған, Қандыағаш – Шалқар, Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы, Қарағанды – Аягөз – Боғас толық қалыпқа келтіріледі.