Астанада интернационал-жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті

Астанада интернационал-жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті

Астанада интернационал-жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті. Ұлттық архивте атаулы датаға орай ауған соғысының ардагерлері мен жасұландықтар кездесті. Еске сала кетейік, осыдан тура 35 жыл бұрын 15-ші ақпанда кеңес одағының әскері ауғаныстанға кіргізілді. Оның құрамында 22 мыңнан аса қазақстандық жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Өкінішке орай мыңға жуық сарбаз қаза тауып, соншасы елге мүгедек болып оралды. Сол сұрапыл кездің куәгерлері жасұландықтармен өз естеліктерімен бөлісті. Отан қорғайтын жас өрендерге жерлестеріміздің қайсарлығын баяндап, ізгі тілектерін жолдады. Шара аясында сол уақыттан сыр шертетін фото, кітап және өзгеде естелік жәдігерлер көрмесі қанат жайды. 

 

Серік Кенжебеков, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының бұрынғы төрағасы:

-Біздің басты мақсатымыз Ауғанстанда қаза тапқан жауынгер бауырларымызға тағзым етіп, еске алу.  Ер есімі ел есінде болуы керек. Сондай-ақ, біздің жастарымызға ерліктерін жеткізу. Бұл жерде барлығы ер азамат. Сондықтан өз отанын қорғауға қашанда даяр болулары  керек.  Ел болашағы ретінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін баянды етуге еңбек етулері тиіс.