Президент Air Astana басшысын қабылдады
Президент Air
Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады. Кездесуде
авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana
компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуына Питер
Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті. Кездесуде Қазақстан мен АҚШ арасында
тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс
қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды. Президент
отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру қажет екенін айтты.
Айта кетейік, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейс ашу туралы Президенттің
Вашингтонға сапары барысында айтылған еді.

