Кенші еңбегі – ел экономикасының тірегі

Кенші еңбегі – ел экономикасының тірегі

«Қазақмыс» корпорациясы – кеншілердің еңбегін әрдайым жоғары бағалайтын компания ретінде белгілі. Жұмысшы мамандықтар жылында кәсіпорын қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетіп келеді. Жыл қорытындысында екі қызметкер мемлекеттік марапатқа ие болса, 400-ге жуық кенші салалық төсбелгілермен марапатталды. Еңбекке адалдық пен табандылықпен қарайтын Ғани Сибғатоллаұлы да осы қатарда. Ол 2008 жылдан бері Сәтбаев қаласындағы №73 шахтада ұнтақтаушы болып еңбек етіп келеді.

Ұлытау өңірінде кен өндірісін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген еңбек адамдарының бірі – Ғани Сибғатоллаұлы. Ол 2008 жылдан бері «Қазақмыс» корпорациясына қарасты №73 шахтаның №38 учаскесінде ұнтақтаушы болып еңбек етіп келеді. Ғани Сибғатоллаұлы үшін кеншілік – жай кәсіп емес, табандылық пен адалдықты талап ететін өмірлік миссия.

Ғани Сибғатоллаұлы, Кенші:

- Рельсовый участок деп аталады. Рудоспускіден вагонға тиейді. Электровозға отырып, руданы тасиды. Опрокидкаға төгеді. Сонда екі звено жұмыс істейді. Бір сменге жеті адам болып түсеміз. Сменный мастер телім бастығынан бүгінгі күнделікті жұмыстың бағыт бағдарламасын алғаннан кейін, біз журналға қол қойып, дәрігерден өтіп, лампамызды алып, шахта астына түсіп, қағаз жүзі бойынша жұмысымызды атқарамыз. Учаскеге келер болсақ, өте ұйымшыл. Бір-бірін сыйлайды, құрметтейді. Жұмысты өте жоғары деңгейде атқарады. Коллектив өте жақсы.

«Қазақмыс» корпорациясы кеншілердің қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайына ерекше мән беріп, өндірістің тұрақтылығын және өңірдің дамуын қамтамасыз етеді. Кеншілердің әр күні – жауапкершілік пен қауіпсіздікпен басталады. Шахтаға түсер алдында арнайы киім мен техникалық құрал тексеріліп, барлық талап қатаң сақталады. Жер астыдағы еңбектің нәтижесі көзге көрінбесе де, ол елдің игілігі үшін жасалады. Ғани Сибғатоллаұлының көп жылғы қажырлы еңбегі мен кәсібилігі еш кеткен жоқ. Оған ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі табысталды. Бұл марапат – оның адалдығы мен кәсіпқойлығының нақты дәлелі. Әріптестері оның кәсібилігін жоғары бағалап, өндірістік қауіпсіздікке берілгендігін ерекше атап өтеді.

Максим Мелишенко №38 учаскенің бастығы:

- Мол тәжірибесі бар маман. Осы жылы «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Бұған дейін де құрметті грамоталарға ие болды. Білікті кадр, мықты тәлімгер. Кейінгі буынға бар білгенін үйретіп келеді.

Ғани Сибғатоллаұлы, Кенші:

- Қаныш Сәтбаев бабамыз айтып кеткен ғой, «Жердің астындағы байлықты жердің бетіне шығарып, өздеріңнің үлестеріңді қосуға күш салыңдар» деп. Халқымыздың жарық жұлдызы Қаныш Имантайұлы айтып кеткен аманатты арқалап жүргенімізге біз мақтан тұтамыз. «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге елдің алтынын жарытпас» деген асыл сөзі бар. Еңбек етіп жатырмыз жердің астында.

«Кейіпкеріміз Ғани Сибғатоллаұлы – еңбек пен отбасын қатар ұстаған үлгілі әке. Жарымен бірге төрт баланы тәрбиелеп, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. «Варшава келісім шарты» әскери тобының ардагері ретінде өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосып келеді.

Авторы: Алтынгүл Төлегенова