Үкімет пен БҰҰ арасындағы меморандум бекітілді
Былтыр
Голан жотасына аттанған қазақстандық әскерилер тиісті өтемақыны әлі алмаған.
Оны Біріккен ұлттар ұйымы төлеуге тиіс еді. Неліктен олай болды? Мәселені
Мәжіліс депутаты үкіметпен арадағы түсіністік меморандумын талқылау кезінде
көтерді. Қазбек Әлішев заң жобасында төлем мәселесі көрсетілмегенін жеткізді.

