Әлеуметтік жәрдемақы: Кімге қанша төленеді?

Әлеуметтік жәрдемақы: Кімге қанша төленеді?

Қазір бала дүниеге келгеннен бастап, есейгенінше жәрдемақы беріледі. Мәселен, бірінші, екінші не үшінші бала туылса, бір реттік көмек есебінде 164 мың теңгеден төленеді. Төртінші және одан кейінгі нәрестелер үшін 272 мың теңге тағайындалған. Сонымен қатар, жұмыс істейтін аналар декреттік демалысқа шықса, әлеуметтік төлем алады. Ал көпбалалы отбасылар үшін тағайындалатын жәрдемақы көлемі мынадай: 4 баласы бар жанұяға 69 мың, 5 балаға 86 мың, ал 6 балаға 104 мың теңге беріледі. 7 немесе одан да көп балалыларға 121 мың теңге көлемінде қаржылай көмек қарастырылған. Бұл бала 23 жасқа дейін берілетін көмек. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» үшін аналарға қосымша сыйақы бар. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелейтін отбасыларға да ай сайын 81 мың теңгеден беріледі. Биылдан бастап мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға өскен. I топтағы азаматтарға 200 мың, II топтағыларға 154 мың, III топтағыларға 117 мың теңге тағайындалған.