Атом технологиялары көрмеге қойылды

Атом технологиялары көрмеге қойылды

Атом саласының үздіктері Астанада бас қосты. KazAtomExpo халықаралық көрмесіне шағын кабельдерден бастап рекаторлардың түр-түрі қойылған. Келген жұрт әлемдік көшбасшы компаниялардың озық технологияларымен танысты. АЭС макеттерін көзбен көруге мүмкіндік алды.

 

Уран таблеткасы. Шағын ғана элемент мыңдаған кВт энергия өндіреді. Ал, оны атом электр станциясында пайдалану үшін осындай жылу өндіру құрастырмасы қажет. Бұл Өскемендегі Үлбі металургия зауытында жиналатын құрылғы. Ұзындығы 4 метр, салмағы 600 келі. Оған уран таблеткалары дәл осындай қалыпта түзіледі.