Дін және заманауи қоғам

Дін және заманауи қоғам

Климат өзгерістеріне қарсы күрестегі діннің рөлі туралы құжат әзірленуі мүмкін. Бүгін Астананада осымен 8-ші рет өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жиынында Президент осындай бастама көтерді. Аталған құжатта жаһандық жылынудың зардабын тартатын өңірлерді қолдауға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды.