Несие алуға телефонмен тыйым салуға болады
Енді несие алуға телефонмен тыйым салуға болады. Ол үшін 1414 нөмеріне хабарласу қажет. Алдымен тілді таңдап, кейін «Несиеге тыйым салу» деп аудио хабарлама жолдайсыз. Дыбыстық сигналдан соң ЖСН нөміріңізді айтып, СМС код арқылы әрекетіңізді растайсыз. Осымен болды. Бұл қызмет проблемалық несиелерді азайту мақсатында жүзеге асырылып отыр. Себебі, соңғы жылдары несие алушы қазақстандықтардың саны күрт өскен. Бұдан бөлек, Egov Mobile қосымшасы арқылы да несие алуға шектеу қоюға болады. Материалдық жағдайыңыз дұрысталғанда оны қайта алып тастай аласыз.

