Жаңа спорт кешені ашылды

Жаңа спорт кешені ашылды

Красный Яр ауылынның жастары енді жаппай салауатты өмір салтына бет бұруына болады. Өйткені мұнда жаңа спорт кешені қолданысқа беріліп отыр. Спорттың көп үйретілмек. Әрі болашақ чемпиондарды 12 маман жаттықтырады. 

Жаңа спорт кешенінің ашылуын ауыл тұрғындары көптен бері асыға күткен. Себебі бұған дейін жергілікті жас спортшылар спорт үйірмелеріне қатысу үшін 8 шақырымда орналасқан облыс орталығына баруға мәжбүр болатын. Ал бұл жобаның құрылысы 2022 жылы басталғанымен, жауапсыз мердігердің салғырттығынан құрылыс жұмыстары тоқтап, нысан «сақалды құрылысқа» айналған еді. Енді барлық мәселе шешіліп, спорт кешені толық аяқталып, ел игілігіне беріліп отыр.  

Сәрсенбай Хасенов, Ауыл тұрғыны: 

- Мына спорт сарайын қашан бітіреді деп тосып отырғанбыз біз өзі бәлен жыл. Әйтеуір Аллаға шүкір міне бітіріп, бүгін бүкіл халықпен балаларыммен қуанып отырмыз. Бүкіл халықтың атынан рахмет айтқым келеді. Бұрын немеремді Көкшетауға апаратын едім. «Болашақ» сарайына, «Бурабайға» апаратын едім. Енеді міне, өзі үйден шығып өзі келіп отырады. 

Жаңа спорт кешенінде балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда жүзу үйірмесі, қазақша күрес, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс залдары бар. Болашақ чемпиондарды 12 маман жаттықтырады 

Ардақ Төлендин, Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: 

- Бүгінде Ақмола облысында тұрғындардың 43 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш артады деген үміттеміз. Себебі аймақта спортты дамыту үшін бірқатар жоба қолға алынды. Оның бірқатары жүзеге асырылып, халық игілігіне берілді. Мәселен, жуырда ғана Макинск қаласында жүзу бассейні, Щучинск қаласында көпфункционалды спорт кешені ашылды. Енді Көкшетау қаласына жақын орналасқан Красный Яр ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Бұған дейін ауылда арнайы спорт залы болмағандықтан, балалар Көкшетауға қатынап жүретін. Жаңа нысан олардың ауыл ішінде жаттығуына мүмкіндік береді. 

Ашылу салтанатына халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген спортшылар да қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышына ортақтасты.  

Айбек Оралбай, Бокстан әлем чемпионы:  

- Қазіргі жастарымыз спортты таңдау керек, спорттың жолымен жүру керек. Еліміздің атын шығару керек деп ойлаймын. Сондықтан Ақмола облысында осындай спорт кешендер салынып жатқанына бәріміз қуаныштымыз.  

Жалпы жыл басынан бері аймақта 8 спорт нысаны пайдалануға берілді. Бұған қоса, алдағы күндері Көкшетау қаласында да халықаралық талаптарға сай заманауи спорт кешені ашылмақ.  

Авторы: Жанар Мұқышева