Қазақстанда халықаралық этнодизайнерлер байқауы өтеді

Қазақстанда халықаралық этнодизайнерлер байқауы өтеді

Астанада халықаралық дизайнер байқауы  өтеді. Осымен елорда екінші мәрте Орталық Азия өңірінің этно дизайнерлерін қарсы алмақ. Дәстүрлі сән байқауына отандық және аймақтың 16-мен 35 жас аралығындағы сәнгерлері қатысады. Мақсат - Ұлы дала өркениетінің көшпенді мәдениеті мен заманауи киім үлгілерін ұштастыру. Сайыскерлер осы бағытта үздік топтамаларын ұсынады. Бас жүлдемен қатар, арнайы италиялық танымал дизайн мектебінде тәлім алу үшін грант та жеңімпаздарға арналған керемет сый болмақ.

Айнұр Полатова,  жоба үйлестірушісі:

- 10 ай көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз, білім беру платформасыын жасаймыз, ұмтыламыз, жалпы, келешекте әрбір дизайнерге біз белгілі бір мүмкіндіктер беріп отырамыз. Тек қана дизайнер емес, блогерлер, креаторлар, жалпы, дизайнға өзіндік үлесін қоса алатын адамдар қатыса алады. Басты талап – ол эскиздер ұсыну.

Еліміздің бас шаһарында қыркүйек айында 100-ден астам ел спортшыларының басын қосатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Дүбірлі доданы тамашалауға келген туристерге дизайнерлер сайысы қатысушыларының жұмыстары таныстырылмақ.

Абылай Қондыбаев, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және өткізу дирекциясы басшысының орынбасары:

- Алаңдардың бірі осы этномода көрсететін алаңдардың бірі болады. Сол көшпенділер ойындары өтетін уақытта осы жасалған арнайы дизайнерлік киімдерді көрсетеміз деп жоспарлап отырмыз. Осы этноауылымыз бойынша жоспарымыз – күніне 30 мыңға жуық адам көрермен болып келеді деген ойымыз бар.