АЭС технологиялық дамуды жеделдететін стратегиялық жоба - Сарапшы

АЭС технологиялық дамуды жеделдететін стратегиялық жоба - Сарапшы

АЭС – тек энергия көзі емес, индустриялық және технологиялық дамуды жеделдететін стратегиялық жоба. Мұндай пікірді Ядролық физика институтының зерттеу реакторы кешені бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев білдірді. Яғни, ішкі энергия тапшылығын реттеп қана қоймай, кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуіне жол ашады. Әсіресе, металлургия, химия және машина жасау сияқты салалардың дамуы энергия көзіне тәуелді. Нәтижесінде өндіріс көлемі артады, жаңа жобалар іске қосылады. Бұдан бөлек, АЭС жаңа технологиялар әкелуге мүмкіндік береді. Ғылыми әлеуетті арттырып, білікті мамандарды даярлауға жағдай жасайды. Қазір Үлкен ауылында «Балқаш» атауы берілген атом электр станциясының құрылысына дайындық жұмыстары басталған. Ол энергия қажеттілігінің 20 пайызын қамтамасыз етуге қауқарлы болмақ.