Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 43,8 млрд долларға жетті
Былтыр
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 9%-ға өсіп, 44 млрд долларға
жуықтады. Екі мемлекеттің үкіметтері сауда көлемін екі есе арттыру жолында
бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қытай
елшісі Хань Чуньлиннің кездесуінде талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық
ынтымақтастық, инвестиция, көлік және логистика, энергетика және басқа да
салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін сөз етті. Алдағы уақытта
Қазақстан Қытайға астықты көбірек тасымалдайды.

