ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келді
Бүгін ҚХР Төрағасы Си
Цзиньпин Астанаға сапармен келді. Қытай көшбасшысы мінген бортты елордаға дейін
Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрген. Ал
құрметті қонақты - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Астана әуежайында қарсы
алды. Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан
мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті. Әуежай терминалында
балалар Си Цзиньпинмен қазақ және қытай тілдерінде амандасып, күтіп алды. Содан
соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.

