Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары Мемлекетаралық Кеңес құрады

Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары Мемлекетаралық Кеңес құрады

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері басқаратын Жоғары мемлекетаралық кеңес құрылады. Ол қос ел ынтымақтасытығының стратегиялық бағыттарын айқындап, тараптардың ортақ мүдделеріне байланысты барынша маңызды мәселелерді қарайды. Ел Мәжілісі осыны көздейтін мемлекеттеріміз арасында одақтастық қатынастар туралы шартты қабылдады. Бұл құжатта тараптардың экология және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында әріптестікті кеңейту межеленген. Бұл ретте шарт трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану және су шаруашылығы құрылысында тіршілік көзін үнемдейтін  технологиялар енгізу жөнінде шаралар қабылдайтын ережелерді қамтиды. Сондай-ақ, өзге де салалар бойынша екі жақты байланыс аясын жетілдіретін басымдықтар көзделген.

Қайрат Омаров, ҚР Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы:

-Шарт саяси, әскери, сауда-экономикалық, транзиттік көліктік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық, азаматтық қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Сондай-ақ, халықаралық аренада өзара іс-қиымылды нығайту қарстырылған. Сонымен қатар құжат екі мемлекеттің парламенттері, саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдеседі.