Үкімет Qarmet компаниясының дамуын талқылады

Үкімет Qarmet компаниясының дамуын талқылады

Qarmet компаниясының даму әлеуеті Үкіметте талқыланды. Жаңа инвестордың қатысуымен өткен жиында нақты қолға алынуы тиіс шаралар туралы сөз қозғалды. Ол үшін Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Онда салық, магистральды темір жол желісін қолдану және экологиялық заң талаптарын сақтау мәселелері төңірегінде әңгіме өрбіді. Одан бөлек, отырыста Қарағанды көмір бассейні шахталарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өзектендіру жоспарларына  ерекше назар аударылды. Жиын соңында Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.