Президенттік билік жүйесі сақталады

Президенттік билік жүйесі сақталады

«Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды». Бүгін мемлекет басшысы Парламент реформасы жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев елде Президенттік билік жүйесі сақталатынын да айтты. Яғни мемлекеттік саясат «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай жүргізіле береді.