Мамонттың сүйегі табылды
Солтүстік Қазақстан облысында мамонттың сүйегі табылды. Оны Қызылжар ауданынан қарасты Бәйтерек елді
мекені маңында балық аулап жүрген жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалған.
Артынша ол жануардың сүйегін Есіл өзенінен шығарып алған. Сирек кездесетін
жәдігер өңір археологтарына берілді. Анатолий Плешковтың пайымдауынша мамонт
осыдан 15 мың жыл бұрын жоғары палеолит дәуірінде өмір сүрген болуы мүмкін
дейді. Дегенмен сүйек бірталай уақыт өтсе де жақсы сақталған. Ал келер жылы
Есіл бойында қазба жұмыстары басталуы мүмкін. Себебі басқа да құнды жәдігерлер табылуы
ықтимал. Жалпы ерте кезде бұл жануарлардың Солтүстік Қазақстанды мекен еткенІ
расталды.

