Ел рәміздері – елдіктің нышаны

Ел рәміздері – елдіктің нышаны

Әнұран – қазақтығымыздың айбынды үні. Көк туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Түркістанда да мемлекеттік рәміздерге тағзым жасалды. Шараға аймақ басшысымен бірге жергілікті зиялы қауым мен қоғам белсенділері қатысты. Конституцияда айрықша мәртебе берілген құндылықтарды құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екені айтылды.