Президенттің баспасөз хатшысы ауысты
Бүгін Мемлекет
басшысының жарлығымен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің
көмекшісі әрі Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. Ол бұл
қызметті екі мәрте атқарған. Алғаш 2022–2023 жылдары болса, одан кейін 2025
жылдың қыркүйегінде тағы да тағайындалған. Журналист, «Болашақ» бағдарламасының
түлегі. Енді Президенттің кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы қызметін Айбек
Смадияров атқарады. Бұған дейін ол Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
меңгерушісі және 8 жыл Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымда қызметтерді
атқарған. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

