Мемлекет басшысы сот қызметкерлерін құттықтады

Мемлекет басшысы сот қызметкерлерін құттықтады

Жұртшылықтың әділдікке деген сенімі көбінесе судьялардың кәсіби біліктілігіне, кез келген істі қараған кезде ұстанымына тікелей байланысты. Бүгін Президент Судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтауында осылай деді. Мемлекет басшысы биыл – ел егемендігінің, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мызғымас тірегі Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толатынын атап өтті. «Қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан біз осы стратегиялық маңызы бар салада жүйелі түрде реформа жүргізіп келеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазір осы салаға цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Бірінші шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Бұл қадам азаматтардың және бизнестің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған институционалдық мүмкіндігін едәуір аттырады, - делінген Президент құттықтауында.