Аралды сақтап қалудың қамы

Аралды сақтап қалудың қамы

Арал саммиті. Су дипломатиясы - Астанада Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Моңғолия өкілдері бас қосып, Орталық Азияның су қауіпсіздігі мәселесін талқылады. Ғалымдар Аралды сақтап қалудың жолдарын іздеуді мақсат тұтып отыр. Сонымен қатар, Ауғанстандағы құрғақшылықты шешу жолдары да талқыланды. Бұл жақта жақында Кош-Тепа каналының құрылысы басталды. Қазір жоба 80 пайызға дайын. Бірақ, су арнасы іске қосылатын болса, Орта Азиядағы су қоймаларына кері әсер етуі мүмкін. Яғни, Әмудария арқылы Өзбекстан мен Түрікменстанға құятын су мөлшері 25-30 пайызға төмендеуі ықтимал. Ал бұл Сырдария өзеніне салмақ түсіреді. Сондықтан, мәселені бірігіп шешу керек, - дейді экологтар.