5 маусымнан бастап зейнетақы жинағын пайдаланудың жаңа ережесі күшіне енеді
Ертеңнен бастап зейнетақы жинағын пайдаланудың жаңа ережесі күшіне енеді. Оған сәйкес, енді зейнетақы қорындағы жинақтың «жеткілікті шегі» жаңа әдіспен есептелмек. Демек, көптеген азаматтар үшін шотта қалуы тиіс ең төменгі сома ұлғаюы мүмкін, яғни үй алу, ипотека жабу, емделуге пайдалануға болатын артық ақша азаюы ықтимал.

