Тағдыршешті сәтте президенттің саяси бағдарын қолдау маңызды - Сенат спикері

Тағдыршешті сәтте президенттің саяси бағдарын қолдау маңызды - Сенат спикері

1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енеді. Бүгін Сенат Төрағасы Маулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысында осылай деп мәлімдеді. Спикердің айтуынша, бұл тарихи кезең Әділетті Қазақстанды құруға жол ашады. Осы ретте ол барша отандастарымызды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының айналасына бірігуге үндеді.