Мәңгілік алау: Батырлардың ерлігі ұмытылмайды
Жеңіс күніне орай батырлар рухына тағзым ету рәсімі Қостанайда да өтті. Ерлікпен шайқасқан, тылда аянбай еңбек еткен батырлардың есімі тағы бір мәрте ұлықталды. Майдан даласына бұл өңірден 75 мың сарбаз аттаныпты. Олардың 8 мыңы із-түссіз кеткендер санатында.

