Катарда 150 қазақстандық турист әуежайда қалып қойды

Катарда 150 қазақстандық турист әуежайда қалып қойды

Катарға кеткен қазақстандық туристер елге қайта алмай жатыр. Олар Доха әуежайында 18 сағатқа қалып қойған. Шамамен 150 адам деседі. Қазақ туристерінің үйлеріне орала алмай қалуына Иранның Дохадағы АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасауы себеп. Қазір Таяу Шығысқа ұшатын рейстер де толық тоқтатылған. Мәселен, Иордания, Ливан, Кувейт, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктеріне. Ал әзірге Изариль мен Иран арасындағы жанжалдың басылатын түрі жоқ. АҚШ Президенті Трамп ақыры бітім жасалды деп хабарлаған. Бірақ екі тарап мәмілеге бәрібір келмеген. Ресми Тель-Авив «Иран тағы зымыран жіберді», – деп айыптап отыр. Ал Тегеран болса, «Шабуыл жасамадық, бәрі жала» - деп мәлімдеді.