Арал ұлтанының 1 млн гектарына көшет егілді
Сырдария мен Әмудария өзендеріндегі су қорын есептеу, бақылау және бөлу жұмыстарын автоматты жүйеге көшіру қажет. Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездескен Олжас Бектенов осы мәселеге ерекше тоқталды. Сөзінше бұл жүйе суды пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Теңізді қайта тірілтуге де септігі тиеді. Соңғы үш жылдың өзінде Солтүстік Аралға 6 млрд текше метрден астам су құйылыпты. Ғалымдар болашақта теңіздің құрғаған табанын жайылымдық жерге айналдырмақ.

