LRT желісінің екінші тармағының құрылысы басталады

LRT желісінің екінші тармағының құрылысы басталады

Астанада LRT-ның екінші тармағы Шыңғыс Айтматов көшесіне қарай тартылады. Қазір аталған ауданда инженерлік жұмыстар басталды. Мамандар геологиялық зерттеу жасап, жердің құрамын анықтайды. Бұл зерттеулер LRT желісін жобалау және техникалық шешімдерді айқындау үшін қажет. Айта кетейік, былтыр қыркүйекте LRT пойыздары сынақ режимінде іске қосылған. Сынақ кезеңі кемінде алты айға созылады. Ал жоба биыл толық пайдалануға берілуі тиіс. LRT желісі болашақта Қосшы қаласына дейін тартылуы мүмкін.