Е. Рыбакина Абу-Дабидегі WTA турнирінде топ жарды
Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Abu Dhabi Open 2024 турнирінде сәтті өнер көрсетті.
Отандасымыз ресейлік Дарья Касаткинаны сенімді түрде жеңді. Ойындағы есеп – 6:1, 6:4.
Бұған дейін турнир барысында Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Даниэль Коллинз, испаниялық Кристина буча және ресейлік Людмила Самсоновадан басым түсті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.
Осылайша, WTA рейтингінде қазақстандық теннисші 4 орынға көтерілді. Рыбакина үшін бұл биылғы екінші ірі жеңіс екенін атап өткен жөн. Қаңтар айында отандасымыз Аустралияның Брисбен қаласындағы турнирде топ жарған.

