Мемлекеттік қызметшілер ұлттық спорттан сынға түсті

Мемлекеттік қызметшілер ұлттық спорттан сынға түсті

Мемлекеттік қызметшілер де асық атып, садақ тартып, қазақша күрестен күш сынасты. Бүгін Астанада Наурыз мейрамына орай, арнайы жарыс өтті. Ұлттық спорт түрлерін ұлықтаған додада жүзден астам қатысушы бақ сынап, ептілік пен шеберліктерін көрсетті. Бұл жарыс Наурызнаманың онкүндігі аясында ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұлттық дәстүрлерді кеңінен дәріптеуге арналған.