Виртуалды ұялы байланыс операторы іске қосылмақ
Қазақстандықтар аты-жөнінен бұрын жеке сәйкестендіру нөмірлерін алатын болады. Ол жеке деректерді жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден алғашқы 20 минута беріледі. Мәжіліс тиісті норма көзделген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат байланыс, цифрландыру мен инновацияларды дамыту және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ахуалды арттыруға бағытталған. Мәселен оның аясында елімізде виртуалды ұялы байланыс операторы іске қосылмақ. Ол барлық оператормен шарт бекіте алады. Яғни, оның әмбебап SIM-картасы жақын тұрған кез келген антеннадан сигнал қабылдайды. Бұл ең алдымен арнайы қызметтер мен туристер үшін қолайлы. Сондай-ақ, байланыс операторлары инфрақұрылым мен жиіліктерге бірдей қол жеткізе алады. Заң жобасында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарындағы байланыс қызметтерін субсидиялау қарастырылған. Жерді ғарыштан қашықтан зондтау деректерін қолдану стандарттарын біріктіру және Ұлттық иновациялар жүейсінің бірыңғай терезесін құру көзделіп отыр.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Заң жобасы қабылданған жағдайда біріншіден байланыс желілерінің құрылысы жеделдейді. Екіншіден, байланыс қызметтерінің сапасы жақсарады, қамту аймақтары кеңейеді. Абоненттер саны артады. Үшіншіден, байланыс операторлары арасында бәсекелестік дамытылады. Төртіншіден, жаңа спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды. Бесіншіден инвестициялық ахуал жақсарып, экономикадағы инновациялардың үлесі артады.
Қазақстан Мен Литваның құқықтық ынтымақтастық аясы артты
Сондай-ақ, Мәжіліс Қазақстан мен Литва арасындағы құқықтық қатынастар
туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Келісім екі
елдің әрқайсысының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға
бағытталған. Яғни, құжат осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі
нығайтуға ықпал етпек.

