Автоэлектрик мамандығына сұраныс жоғары
Шымкентте жастар арасында автоэлектрик мамандығына деген қызығушылық артты. Тіпті тоғызыншы сыныптан кейін колледжге ауысқан шәкірттердің көбі осы мамандықты таңдап жатыр екен. Оның да өзіндік сыры бар. Өйткені қазір әрбір екінші отбасында кем дегенде бір көліктен бар.
Қанат Жүнісбек, Тілші:
- Уақыт өткен сайын көпшілік темір тұлпардың күшіне емес үнемдісіне көше бастады. Авто өндіріс те «Жасыл экономикаға» негізделіп келеді. Яғни, жанар жағармен қатар тоқпен жүре беретін гибрит машиналар да жасап шығарып жатыр.Тіпті бүгінде электрмобилдер брендке айналып келеді. Технология күрделенген сайын білікті механик пен автоэлектрикке деген де сұраныс арта берері анық.
Шапағат Жарылқап болашақ автоэлектриктердің бірі. Ол мектептен колледжге осы мамандықты толық игеру үшін ауысыпты. Алдына қойған мақсаты да айқын. Білікті нағыз маман атану. Ол үшін көп оқып, іздену қажет. Өйткені қазіргі технология мүлдем басқа,дейді ол.
Шапағат Жарылқап, Колледж студенті:
- Кітап асыл қазына. Бос уақымда автоэлетрик жағымен кітап оқимын.қазір автоэлектрик мамандығы бойынша көп сұранысқа ие. Машиналар электрика жағынан дамып келе жатыр. Мен өзім електр жағына қызыққан соң осы мамандық бойынша түстім.
Заман ағымына қарай мамандық таңдаған шәкірттерге білім беріп жүрген ұстаздар да осал емес. Тейілбек Жүнісов те осы білім ұясының түлегі. Колледжді тәмамдаған соң өндіріс орнына барып жұмыс істеп, тәжірибесін жетілдіріп келген. Қазір шәкірт тәрбиелеп жүр. Өз кәсібін жетік меңгер ол бүгінде оқу өндірісінің шебері.
Тейілбек Жүнісов, Оқу өндірістік шебері:
- Бір жақсы сөз бар «Білімдіден не пайда білгенін жұртқа айтпаса, үйренгеннен не пайда, қайырым қайтпаса», - дейді. Қазір енді бұл мамандық өте сұранысқа ие деп жатырмыз. Қазақстанда ғана емес әлем бойынша сұранысқа ие мамандықтың бірі ғой енді жұмысшы мамандығы. Президентіміздің өзі арнайы тоқталып биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп осы мамандықтың абыройын көтеріп жатыр. Қолдау көрсетіп жатыр, осы мамандықтарға. Шәкірттер өздерін көрсетіп жатса үлкен абырой.
Жарты ғасырдан астам тарихы бар көлік колледжінде жеті түлі мамандық бойынша шәкірт тәрбиелейді. Жастар колледж қабырғасында өндірістік тәжірибеден өтіп шыңдалады. Ол үшін техникалық базасы жаңғыртылып, шәкірттерге барлық жағдай жасалған. Мемлекет басшы айтқан «Жұмысшы мамандықтарының жылына» орай ұстаздарды да шетелдерге жіберіп тәжірибе алмасу жоспарларында бар.

